Жаңақорған ауданында ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – ұлттың жүрегі, конституция - елдің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті
Жаңақорған кентінің «Prime Park» орталық саябағында ұйымдастырылған ерекше форматтағы мерекелік шараға тұрғындар мен қонақтар алдымен «Қазағымның дастаны – Домбыра» атты тақырыптық көрмені тамашалап, ұлттық мұрамыздың тарихы мен тағылымын танытатын құнды жәдігерлермен танысты.Мерекелік кеш «Қос ішектегі – қазақтың ғұмыры» атты театрландырылған прологпен ашылды.
Тағылымды іс-шараға жиналған аудан тұрғындары мен жас буын ұлттық құндылығымыз – домбыраны ұлықтап, күй күмбірін бірге шертіп, ұлттық өнерге деген құрметтерін паш етті.
Іс-шара барысында аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, ұлттық өнердің мерейін асқақтатқан концерттік бағдарламасын ұсынып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.











