Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда домбыра күні атап өтілді

Аралда домбыра күні атап өтілді

Қaзaқтың ұлттық аспабы – дoмбыpaның мaңыздылығы epeкшe бағаланып, елімізде шiлдe айының aлғaшқы жeкceнбiсі «Ұлттық дoмбыpa күнi» болып белгіленді. Бүгін атаулы мерекеге орай аудан орталығындағы демалыс саябағында «Төгілсін ән-жыр бұлағы» атты мерекелік концерт өтті.
Шараға қатысқан аудан әкімі Серік  Сермағамбетов: - «Сіздерді ұлы мұрамызды ұлықтайтын – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке аз уақыт ішінде халық санасына тез сіңіп, ең бір айтулы күнге айналып шыға келді. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген. Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес.  Ғасырлар тоғысында мың өліп, мың тірілген қазақпен бірге қатпар-қатпар тарихпен, асу да асу кезеңмен бірге жасап келе жатқан домыбарның күй-толғауы, сыңғырлы сұлу ән-әуені құлағымыздан кетпесін! Ұлттық домбыра күні баршамызға құтты болсын!» - деп ізгі лебізін білдірді.
Шара барысында ұлы өнерді кейінгі ұрпаққа ұлықтау мақсатында аянбай еңбек етіп жүрген бірнеше белігілі күйлердің авторы, асыл мұраның жанашыры, күйші-композитор Мұрат Сыдықов  «Ақтан батыр»
күйін нақышына келтіре орындаса, күйші-сазгер Жұмабай Жақып тартқан «Аралдың асау толқыны» күйіне көпшілік ерекше ілтипат білдірді.
Сонымен бірге мерекелік шарада жыршы-термешілер домбыраны әуелеген әндеріне арқау етіп, жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады.
"Толқын" ақпарат
05 шілде 2023 ж. 215 0