Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың Ұлттық Домбыра күніне байланысты мерекелік құттықтауы!
Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын!
Домбыра – қазақ халқының рухани болмысы мен ұлттық құндылықтарының алтын арқауы, ата-бабадан аманат болып жеткен қасиетті мұра. Оның күмбірлеген үні мыңжылдықтардың мұрасын, халқымыздың тарихын, тағдырын, салт-дәстүрі мен асыл өнерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді.
Ұлттық домбыра күні – төл мәдениетімізді дәріптеп, ұлттық өнерімізді ұлықтайтын ерекше мереке. Бұл күн жастардың бойына ұлттық рух пен елжандылық қасиеттерді сіңіріп, мәдени мұрамызды сақтауға және насихаттауға үндейді.
Мерейлі мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Қасиетті қара домбыраның қоңыр үні әр шаңырақтан үзілмей, халқымыздың рухын асқақтата берсін!
Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Арал ауданының әкімі А.Оңғарбаев











