Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмысшылар құқығы қорғалып, еңбек дауларының алдын алу күшейді

Жұмысшылар құқығы қорғалып, еңбек дауларының алдын алу күшейді

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 190 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 157 нұсқама беріліп, 385 жұмыскердің еңбек құқығы қалпына келтірілді. Сонымен қатар, жылдық жоспарға сәйкес 17 кәсіпорында профилактикалық бақылау жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Бектемір Жұмағұлов баяндады.

– Өңірдегі еңбек ұжымдарында тұрақты еңбек ахуалын қалыптастыру және жұмыскерлердің құқықтарын қорғау біздің басты міндетіміз. Осы бағытта мемлекеттік бақылау мен алдын алу шаралары жүйелі жүргізілуде. Есепті кезеңде департаментке жеке және заңды тұлғалардан 1425 өтініш түсіп, заң талаптарына сәйкес қаралды. Әлеуметтік шиеленіс қаупі бар бес кәсіпорын тұрақты бақылауға алынып, тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде еңбек ұжымдарындағы жағдай тұрақтандырылды. Еңбек тәуекелдері картасы аясында өңірдегі 3001 кәсіпорынға мониторинг жүргізіліп, тәуекелі жоғары және орта деңгейдегі ұйымдармен нақты жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ өңірлік үшжақты комиссия отырыстарында еңбек қатынастары мен міндетті төлемдердің уақытылы жүргізілуі мәселелері тұрақты қаралып келеді, – деді Бектемір Ұлыбекұлы.

Спикердің айтуынша кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар да назардан тыс қалған жоқ. Жыл басынан бері полиция департаментімен бірлесіп қоғамдық тамақтану орындары, сауда орталықтары, жанармай құю бекеттері мен көлік жуу орындарында профилактикалық рейдтер ұйымдастырылып, Қызылорда қаласындағы 108 нысан қамтылған.

Брифинг барысында департамент басшысы еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, еңбек дауларының алдын алу және жұмыскерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатыны атап өтілді.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызмет
27 шілде 2026 ж. 82 0