Тағайындау
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының 17.08.2026 жылдың №347-ж Бұйрығына сәйкес, Артықбаев Сейiлхан Жақыпбекұлы Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасының бас дәрігері лауазымына тағайындалды. Сейiлхан Жақыпбекұлы 1970 жылы 10 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Құмжиек ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.
1994 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы Қазалы аудандық тораптық ауруханасында дәрігер терапевт, қосымша эндоскопист дәрігер болып бастаған.
1995-1997 жылдар аралығында №30697 әскери бөлімiнiң Таскескен ауданында әскери дәрiгер;
1997-1999 жылдары Қазалы аудандық тораптық ауруханасында терапевт дәрігер;
1999-2000 жылдар аралығында Қазалы ауданындағы «Болат жолы» жанұялық дәрігерлік емханасында жанұялық дәрігер;
2000-2008 жылдары Қазалы аудандық теміржол ауруханасында аймақтық терапевт дәрігер;
2008-2018 жылдар аралығында Қазалы аудандық теміржол ауруханасына қарасты Линиялық дәрігерлік амбулаториясында аға дәрігер;
2018-2021 жылдары Қазалы аудандық теміржол ауруханасының емхана бөлімінің меңгерушісі;
2021-2025 жылдар аралығында Қазалы ауданаралық ауруханасына қарасты «Болат жолы» дәрігерлік амбулаториясында бөлім меңгерушісі;
2025 жылдан бүгiнгi күнге дейiн Қазалы ауданаралық ауруханасы бас дәрігерiнiң бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.
Сейiлхан Жақыпбекұлының жаңа қызметiне сәттiлiк тiлеймiз!









