Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛЫНДЫ

ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛЫНДЫ

Ағымдағы жылдың 28–29 қарашасы күндері Қазалы көп бейінді орталық ауруханасында жүрек ырғағының бұзылыстары бойынша алғаш рет аритмологиялық жоғары мамандандырылған оталар жасалынып, оқу-шеберлік тәжірибе жүргізілді. Мұндай жоғары мамандандырылған ота Республика бойынша аудандар арасында алғаш рет Қазалы ауданында жасалынып отыр.
Күрделі отаға Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының интервенционды аритмолог дәрігері, MD, PhD. дәрігер - Ергешов Қанат Алдабергенұлы және облыстық медицина орталығының облыс бойынша штаттан тыс аритмолог дәрігері Лепесов Нұрболат Мылтықбайұлы арнайы шақыртылып, тәжірибе алмасты. Күрделі оталарға аудандық көп бейінді орталық аурухансының рентген-эндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Баспаев Кенесары Айтуғанұлы мен рентген-эндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің интервенциялық аритмолог дәрігері Темірбай Рахымжан Ғалымжанұлы қатысты.

Аталған ота түрлері — заманауи медицинаның жоғары технологияларын талап ететін күрделі бағыттардың бірі. Бұл шара аудандағы медицина саласының дамып келе жатқанын, сондай-ақ еліміздегі білікті мамандардың тәжірибе алмасу арқылы кәсіби деңгейін арттырып жатқанын көрсетеді. Бұл бастама жүрек ырғағы бұзылыстары бар науқастарға жоғары мамандандырылған көмекті өңірлік деңгейде көрсетуге бағытталып отыр.

Шебер-класс барысында жүрек аритмияларын заманауи диагностикалау, интервенциялық емдеу әдістері жүзеге асты. Атап айтқанда, жүректің ауыр брадикардиясы мен өткізгіштік бұзылыстарында қолданылатын электрокардиостимулятор имплантациясы, жүрек ішіндегі артық электрлік ошақтарды жою арқылы тахиаритмияларды емдеу тәсілі, радиожиілік абляция және пароксизмалды жүрекшелер фибрилляциясы кезінде қолданылатын заманауи әрі тиімді әдіс өкпе веналарының криоабляциясы бойынша оталары жүргізілді.

Қазіргі таңда ота жасалған 7 науқастыңда жағдайы тұрақты.
01 желтоқсан 2025 ж. 100 0