Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңақорғанда ғасыр жасаған әже дауыс берді

Жаңақорғанда ғасыр жасаған әже дауыс берді

Жаңақорған ауданында Құрылтай сайлауына қатысу жоғары деңгейде өтуде. Аудан тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауын жасап жатыр.
Сайлауға қатысқан тұрғындардың арасында биыл 102 жасқа толған Тәжбен Исабекова әже де бар. Ғасырдан астам ғұмыр кешкен қазыналы қария өз шаңырағында дауыс беріп, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.
Ақ жаулықты әже сайлау рәсімінен кейін ақ батасын беріп, елдің амандығын, жұрттың бірлігін тіледі.
– Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ел тізгінін ұстайтын азаматтарымыз халықтың қамын ойлап, елге адал қызмет етсін. Ұрпағымыздың болашағы жарқын, ынтымағымыз берік болсын. Әр шаңыраққа бақ-береке, денсаулық пен қуаныш тілеймін. Ақ жолдан таймай, ел болып еңселі өмір сүрейік, – деді Тәжбен әже ақ батасын беріп.


23 тамыз 2026 ж. 378 0