Маңызды науқаннан қалмайық

Әдеттегідей, сайлау жұмысы заңнама бойынша өз уақытында басталды. Өзім де ел болашағын айқындайтын маңызды сайлауда алғашқылардың бірі болып өз таңдауымды жасадым. Арал аудандық №42 сайлау учаскесіне дауыс беру үшін келген қариялар да үлгі-өнеге көрсетті. Жай ғана дауыс беріп қоймай, қазыналы қариялар жиналғандарға ақ батасын беріп, сайлаудың сәтті өтуіне тілектестігін білдіруде. Өз кезегінде алғаш болып дауыс берген сайлаушыға естелік сыйлық тарту етілді. Осылайша, аудандағы жасы ең үлкен қарттың ақ батасымен басталған науқан аудан тұрғындарының ел ертеңі үшін дауыс беріп, таңдау жасауымен жалғасуда.
Ақгүл Ержетқызы,
№42 сайлау учаскесінің комиссия мүшесі