Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел ертеңіне бейжай қарамаймын

Ел ертеңіне бейжай қарамаймын

Касым Аргингазиев, қала тұрғыны:
Бүгін ел өміріндегі маңызды күндердің бірінде өз азаматтық таңдауымды жасап, ел болашағына деген көзқарасымды білдірдім. Мұндай сәттер әрқайсымызға үлкен жауапкершілік жүктейді деп ойлаймын.
Елдің ертеңі – бүгінгі қабылдаған шешімдерімізбен тікелей байланысты. Сондықтан әр азаматтың өз таңдауын жасап, қоғамдық өмірге белсенді араласуы – ел дамуы үшін маңызды.
Құрылтайдың жаңа бастамаларға жол ашып, мемлекетіміздің одан әрі дамуына серпін беретініне сенім білдіремін. Елімізде әрдайым тұрақтылық пен бірлік салтанат құрып, халқымыздың әл-ауқаты арта берсін!
Бүгінгі таңдауымыз – жарқын болашаққа бастар нық қадам болсын!
23 тамыз 2026 ж. 65 0