Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Аудан әкімі Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күндердің бірі – Құрылтай сайлауы өтуде. Елдің ертеңін айқындайтын саяси науқанға азаматтар белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Құрылтай сайлауы ел болашағына қатысты маңызды шешімдерді қабылдауға ықпал ететін, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге араласуын арттыратын маңызды қадам. Сондықтан әрбір сайлаушының дауыс беруі ел дамуына деген азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.

Саяси науқанға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев та қатысып, қаладағы «Қарлығаш» балабақшасында орналасқан №53 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Аудан әкімімен бірге сайлау учаскесіне бірқатар ел ағалары, зиялы қауым өкілдері де келіп, азаматтық белсенділіктерін танытты.

Айта кетейік, ауданда жалпы 56 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 16-сы аудан орталығында орналасқан. Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру рәсімі таңғы сағат 7:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды.
Бүгінгі сайлау әр азаматтың ел болашағына деген көзқарасын білдіріп, өз таңдауын жасауына мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық-саяси шара. Өйткені елдің жарқын келешегі халықтың белсенді азаматтық ұстанымы мен ортақ жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Дауыс беру учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

23 тамыз 2026 ж. 51 0