Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі республикалық референдумда өз таңдауын жасады

Аудан әкімі республикалық референдумда өз таңдауын жасады

Бүгін елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен республикалық референдум өткізіліп, барша қазақстандықтар саяси науқанға белсене атсалысуда.

Ел болашағына бағытталған саяси науқанға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев та қатысып, қаладағы "Қарлығаш" бала бақшасындағы №53 референдум учаскесіне аудандағы бірнеше зиялы қауым өкілдерімен бірге барып, өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, ауданда жалпы 56 референдум учаскесі болса, оның 16-ы аудан орталығына орналасқан. Барлық дауыс беру учаскелерінің жұмысы таңғы сағат 7.00-де Мемлекеттік Әнұранмен басталды.

Ел ертеңін айқындауда маңызды қадам саналатын саяси науқан кешкі сағат 20:00-де аяқталады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

15 наурыз 2026 ж. 72 0