Құрылтай сайлауында өз таңдауымды жасадым
Бұл елдің ертеңіне бей-жай қарамайтын әр азамат үшін жауапты сәт. Құрылтай қоғамның өзекті мәселелері талқыланып, ел дамуының маңызды бағыттары айқындалатын алаң. Сондықтан бүгінгі сайлау халықтың өз таңдауын білдіріп, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымын танытатын маңызды сәт.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Құрылтай сайлауына қатысты жасаған өз үндеуінде: «Еліміздің келешегі әр азаматтың саналы таңдауына байланысты болмақ», – деп атап өтті. Президент сайлауға қатысуды халықтың өз ықтиярын білдіруі, ел тағдырына бей-жай қарамай, азаматтық жауапкершілік танытуы деп бағалап, барша азаматтарды, әсіресе жастарды өз таңдауын жасауға шақырды.
Мен де ел ағаларымен бірге қаладағы «Қарлығаш» балабақшасында орналасқан №53 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымды жасадым.
Әрбір азаматтың дауысы – ел болашағына қосылған үлес. Сондықтан барша аудан тұрғындарын саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырамын!
Елдің болашағы – өз қолымызда. Бірлігіміз бекем, таңдауымыз тұғырлы болсын!
Арал ауданы әкімі А. Оңғарбаевтың фейсбук парақшасынан











