Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық құндылық ұлықталған күн

Ұлттық құндылық ұлықталған күн

Құрылтай сайлауы күні Жақсықылыш кентінің ақсақалдары ұлттық киімдерін киіп, елдік маңызы зор саяси науқанға белсене қатысып, өз таңдауларын жасады.

Ақсақалдардың ұлттық киіммен келіп, дауыс беруі — ата дәстүрімізге деген құрметтің, елдік пен бірліктің айқын көрінісі. Қарияларымыздың бұл бастамасы кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық тағылымды іс болды.
Сайлау күні кентте арнайы қазақы нақышта безендірілген киіз үй тігіліп, дәстүріміз дәріптелді. Ақсақалдар ақ дастарханнан дәм татып, ұлттық тағамдардан ауыз тиіп, ақ баталарын беріп, елдің амандығы мен жұрттың бірлігіне ізгі тілектерін білдірді

23 тамыз 2026 ж. 53 0