Дәстүрге айналған "Дәстүр дариясы" аналар тобы сайлауда дауыс берді
Қаратерең ауылдық округіндегі №24 сайлау учаскесіне ұлттық құндылықтарды ұлықтап жүрген «Дәстүр дариясы» аналар тобы бірге келіп, өз таңдауларын жасады.Елдің бірлігі мен болашағы үшін бір кісідей атсалысқан ақ жаулықты аналарға сайлау комиссиясы атынан ерекше құрмет көрсетілді.
Аналардың саяси белсенділігі мен ұлттық киімде келуі — кейінгі ұрпаққа үлкен үлгі-өнеге!










