Алматыда тұрмысы төмен отбасыларға тегін дүкен ашылды

"Тұрғындардың көмегінсіз ешнәрсе істей алмайтын едік. Тұрғындар күн сайын киім-кешек әкеледі. Мұқтаж жанның бәрі ондағы затты ала алады", - деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Вячеслав Вавилин.
Жетісу ауданында мыңнан аса көпбалалы ана тұрады. Мұндай дүкендер оларға айтарлықтай қолдау болады.
Дүкен "Айнабұлақ" ықшамауданы, 103 А үйде орналасқан. Дүкен кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.