Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұр-Сұлтанда ХІІ Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады

Нұр-Сұлтанда ХІІ Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады

Бүгін Астана экономикалық форумына қатысушылар венчурлік капиталды дамытудағы мемлекеттің рөлін айқындамақ. Осы орайда Қазақстан венчурлік стратегияны қабылдап, осы негіздегі алғашқы қор құруды көздеп отыр. «Шабыттандырушы өсім: адамдар, қалалар және экономикалар». Астана экономикалық форумының бұл жолғы тақырыбы осындай. Халықаралық форумның негізгі бөлігі бас шаһардағы ЕХРО Конгресс орталығында өтіп жатыр. Әзірлік жұмыстарына 300-ден астам қызметкер жұмылдырылған болатын. Форумға келгендер әр отырысты 4 тілде тыңдай алады. Залдарға әлемдік қалалардың атауы берілген. «Мұны көрген шетелдік меймандар өздерін еркін сезінеді», – дейді ұйымдастырушылар. Жалпы, зал саны «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен қонақүй алаңдарын қосқанда 10-нан асады.
https://24.kz/
16 мамыр 2019 ж. 790 0