Бүгін мұнай-газ кешені қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді
Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының бірінші жексенбісінде Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл – еліміздің энергетикалық әлеуетін нығайтуға зор үлес қосып отырған стратегиялық маңызы бар сала.Бүгінде Қазақстан шикізатты терең өңдеуге, мұнай-газ химиясын дамытуға, мұнай өнімдерінің түрлерін кеңейтуге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға басымдық беріп отыр.
Мұнай-газ саласының жетістіктерінің артында күн сайын аянбай еңбек етіп жүрген мамандардың білімі, тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі тұр.
Сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
Өңірлік Коммуникациялар қызметі








