Қазалыда мұнай-газ саласының қызметкерлері марапатталды

Басқосуда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мереке иелерін құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін газ шаруашылығы саласының мамандарына алғыс айтты.
Мұнан соң «Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Әйтеке би газ шаруашылығы мекемесінің бір топ қызметкерлеріне аудан әкімінің «Алғыс хаты» тапсырылып, құрмет көрсетілді.
Мерекелік шарада облыстық мәслихат депутаты, «Тілеп» ЖШС директоры Ібайдулла Тілеп, аудандық мәслихат депутаты, аймақтық «Тұран Қазалы» газетінің бас редакторы Ғазиз Әліш құттықтау сөз сөйлеп, игі тілектерін жеткізді. Ал, «Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Әйтеке би газ шаруашылығының директоры Қуаныш Сансызбаев мереке қарсаңында сала қызметкерлеріне көңіл бөліп, марапаттап жатқан аудан әкіміне алғысын айтты.

kyzylorda-news.kz