Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяға Президент Ли Чжэ Мёңнің шақырутуымен барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Президентті Сеул әуежайында премьер-министрдің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитінде экономиканы, қоғамды және күштердің жаһандық теңгерімін өзгерте бастаған жасанды интеллектінің рөліне тоқталды. Тоқаевтың сөзінше, БРИКС қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің технологиялық әлеуетін олардың ауқымымен ұштастырып, инновация, инвестиция және тұрақты экономикалық өсімнің жаңа мүмкіндігін ұсына алады.
stan.kz
Фото: Ақорда










