Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирила Рамафосаның шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев 24 тамыз күні 15-ші БРИКС саммиті аясында Йоханнесбургте өтетін мемлекеттер басшыларының «БРИКС плюс» диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысады.

Жиында Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді.
23 тамыз 2023 ж. 3 653 0