Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Азиада: Ерлер құрамасы семсерлесуден қола жүлде иеленді

Азиада: Ерлер құрамасы семсерлесуден қола жүлде иеленді

​baq.kz​​​
Қазақстан құрамасы саблядан Жапонияға есе жіберіп, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.Фото: ҚР ҰОҚ/Арлан Олжабай

Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.
Отандастарымыз сабля бәсекесінің жартылай финалына дейін жетті. Ұлттық құрама бұл кезеңде Жапониямен жолығып, қарсылас командаға 45:34 есебімен жол берді.
Осылайша ерлер құрамасы Қазақстанның жүлде қорын қоламен толықтырды.
Қазақстан құрамасы сапында Назарбай Саттархан, Артем Саркисян, Қуаныш Ерғашбай және Нұрмұхаммед Жайлыбай өнер көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін Артем Саркисян жекелей сында үшінші орын алған еді.
27 қыркүйек 2026 ж. 75 0