Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Негізгі көрсеткіштерде өсім бар

Негізгі көрсеткіштерде өсім бар

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 37-сессиясы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының, басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары қатысты. Аудан және қала әкімдері, мәслихат төрағалары онлайн байланыс арқылы қосылды.
Сессия басталмас бұрын қаты­сушылар Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды.Жиынды облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов жүр­гізіп, күн тәртібінде 6 мәселе қарал­ды. Атап айтқанда, 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет, облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын, тұрғынжай реновациялау бағдарламасын, облыс әкімдігі жанындағы cәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамын бекіту, облыстық сайлау комиссиясының құрамын сайлау мәселелері талқыланды.Аймақ басшысы өңірдің негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтті.– Қаңтар-тамыз айларының қорытындысымен барлық макро­эко­номикалық көрсеткіштерде өсім қамтамасыз етіліп, аймағымыз рес­публикада алдыңғы қатардан көрінді. Қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, ірі инвестициялық жо­балар жүзеге асырылуда. Биылға 789 млрд 200 млн теңге инвестиция тарту жоспарланды.Жыл басында облыс бюджеті 705 млрд 548 млн теңге көлемінде бекітіліп, нақтылаудың нәтижесінде 811 млрд 467 млн теңгеге жетті. Бұл қаражат аймағымыздың ең өзекті деген мәселелерін ше­шуге, тұрғындардың өмір сүру сапа­сын жақсартуға, ауқымды инфра­құрылымдық жобаларға бағыт­талуда.Мемлекет басшысының тапсыр­масы аясында «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясымен облыс аумағында әлеуметтік жобаларды жүзеге асы­ру жөніндегі меморандумға қол қо­йылды. Меморандумға сәй­кес, Жаңа­қорғанның Ақжол ауы­лында 150 орындық клуб, Жаңа­қорған кентінде емхана және Шиелі ауданының Бәйтерек ауы­лында заманауи спорт кешені са­лынуда. Аталған жобаларға «Қаз­Атом­Өнеркәсіп» есебінен 1 млрд 677 млн теңге бөлінуде, – деді аймақ басшысы.Күн тәртібіндегі мәселелер бо­йынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабек, облыстық балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының басшысы Е.Бәкіров, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы А.Әнуар, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Б.Ідірісов, облыс әкімі аппаратының басшысы Ә.Мұхамедияров баяндама жасады.
«СБ» ақпарат

syrboyi.kz
29 қыркүйек 2026 ж. 47 0