Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезектен тыс сессия өтті

Кезектен тыс сессия өтті

Жуырда аудан әкімдігі мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 26 сессиясы өтті. Кезектен тыс сессияға аудан және қала әкімі мен орынбасарлары, сонымен бірге бөлім басшылары қатысты.Сессияның күн тәртібіндегі «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 161 шешіміне өзгерістер енгізу туралы ең алдымен аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Төлеген Әбенұлы хабарлама жасады. Төлеген Әбенұлы елді мекендер құрамдарының кейбір мәселелер туралы да айтып өтті.  Мұнан кейін аудан әкімінің орынбасары Қайрат Байғабылұлы «Аудан әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 шілдедегі №89 шешіміне өзгеріс енгізу туралы баяндама жасады. Сонымен бірге «Арал ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының  2019 жылғы 18 ақпандағы №225 шешіміне өзгерістер енгізу туралы да баяндады. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ерлан Садуақасұлы «Аудандық жер комиссиясының құрамын қалыптастыру және ережесін әзірлеу туралы» Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №209 шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарлама жасады. Сонымен қатар Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 ақпандағы №13 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғалия Тоғысқызы хабарлады.Кезектен тыс сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімі тарапынан жауапты сала мамандарына тапсырылды.

«Толқын» ақпарат
25 қараша 2022 ж. 487 0