Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІ сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІ сессиясы өтті

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІ сессиясы өтті. Сессия отырысына сессияға шақырылған аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары, қала әкімі, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат хатшысы Б.Турахметов ашып жүргізді.
Күн тәртібінде ұсынылған мәселелер:
«2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №161 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Т. Рашев хабарлама жасады.
Одан соң Арал аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.Қанатов түсіндіріп берді.
«Арал ауданы көлемінде құрылған №№1-55 учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №217 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және«Жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамдарын бекіту және олардың төрағаларын сайлау туралы» Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық мәслихаттың хатшысы Хабарламашы: Б.Төреахметов хабарлама жасады. 
Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.
Сессия отырысы тікелей эфирде Aitube желісінде трансляцияланды.

"Толқын" ақпарат
23 тамыз 2022 ж. 610 0