Бюджет мәселесі – басты тақырып

Мұнан бөлек, 2021-2023 жылдарға арналған "Сексеуіл, Жақсықылыш кенттері мен ауылдық округтер бюджеті туралы" аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 28 желтоқсан және 31 желтоқсанындағы шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы Сексеуіл, Жақсықылыш кенттері мен Аралқұм, Ақирек, Аманөткел, Аққұм, Беларан, Бекбауыл, Бөген, Жетес би, Жіңішкеқұм, Қарақұм, Қаратерең, Қамыстыбас, Құланды, Қосаман, Мергенсай, Райым, Сапақ, Сазды, Атанши, Қосжар, Жаңақұрылыс ауылдық округ әкімдері хабарлама жасады.
Мұнан бөлек, Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі "Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" №50 шешімінің күші жойылды деп тану туралы аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Д.Мадиновтің баяндамасы тыңдалды. Хабарламашыларды толық тыңдап болған соң, депутаттар баяндамаларға сәйкес шешім қабылдап, бір ауыздан қолдады.
Сессияға қатысқан аудан әкімі Серік Сермағамбетов аудандағы маңызды мәселелердің бірқатарына тоқталып, соған сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. Сонымен қатар сессияға қатысушыларға тапсырмалар берді.
"Толқын" ақпарат