Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрғаған теңіз ұлтанына сексеуіл көшеттерін отырғызу жобасы талқыланды

Құрғаған теңіз ұлтанына сексеуіл көшеттерін отырғызу жобасы талқыланды

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ш.Есжанов және аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Жұбанов шетелдік және отандық сарапшылар делегациясымен кездесті.
Кездесуге «Карбон Чек» компаниясы атынан Қазақстан өкілі Гүлжазира Сеитова, Үндістаннан келген топ жетекшісі Вемпалли Прашант және тағылымдамадан өтуші бағалаушы Газанфар Аббас, сондай-ақ «Грин Эрс» компаниясы атынан Нидерланды өкілі Мохилей Анубхав және Қазақстан өкілдері Мерхат Байбусинов пен Қуат Алтынбеков қатысты.

Кездесу барысында Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл көшеттерін отырғызу жобасын іске асыру мәселелері, алдағы жылдардағы отырғызу жұмыстарының жоспарлары мен әдіс-тәсілдері талқыланды.
Айта кетейік, «Арал Си Лэнд» ЖШС компаниясының экологиялық бастамасы аясында Беларан ауылдық округінің маңындағы теңіздің құрғаған ұлтанынан жер учаскесі белгіленген болатын.
Бүгінгі таңда жобаның алғашқы кезеңі аясында «Green Earth» компаниясы Беларан аумағындағы 530 гектар жерге қара сексеуіл өшеттерін отырғызды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

02 қазан 2026 ж. 55 0