Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көркемдік кеңес өтті

Көркемдік кеңес өтті

Бүгін Руханият орталығында көркемдік кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды Арал ауданы әкімінің орынбасары, көркемдік кеңес төрағасы Н. Бохаев жүргізді.

Отырыстың күн тәртібінде 30-31 қазан күндері аудан көлемінде аталып өтетін Сартай батыр Байжанұлының 315 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу барысы қаралды.
Мерейтой аясында бірқатар мәдени-танымдық және спорттық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Атап айтқанда, жасөспірімдер арасында еркін күрестен аймақтық турнир, ғылыми-танымдық конференция, аймақтық жыр фестивалі және ат бәйгесін ұйымдастыру көзделген.
Жиын барысында аталған іс-шараларды мазмұнды әрі жоғары деңгейде өткізуге қатысты көркемдік кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Кеңес төрағасы Н. Бохаев Сартай батырдың 315 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларды өз деңгейінде ұйымдастыру мақсатында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар отырыста 2027 жылы атап өтілетін қоғамдық-саяси маңызы бар іс-шаралар жоспарына енгізілетін ұсыныстарды жинақтау мәселесі қаралып, тиісті сала басшыларына ұсыныстарды әзірлеу және жинақтау жөнінде тапсырма берілді.

Жиын қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындау қажеттігі айтылды.

02 қазан 2026 ж. 53 0