КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Арал ауданында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейту мақсатында комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаевтың төрағалығымен комиссияның отырысы өтті.Күн тәртібінде пиротехника заттардан келетін қауіптің алдын алу, мектептердегі интернет қауіпсіздігі және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар бойынша атқарылған шаралар жөнінде жауапты сала мамандары баяндама жасап, нақты көрсеткіштер мен проблемалық тұстар талқыланды.Отырыста сертификатталмаған пиротехникалық заттардың қауіптілігі мен заңсыз сату нүктелерін анықтау мақсатында рейдтерді күшейту, кәсіпкерлер мен тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мектептерде ақпараттық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, кибербуллингтің алдын алу және оқушылардың зиянды контенттерден қорғалуына қатысты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, алдағы мереке күндері тұрғындар арасында пиротехникалық заттарды қолдану жиілейтінін ескере отырып, сертификатталмаған өнімдердің таралуын болдырмау үшін рейдтік шараларды одан әрі күшейту міндеттелді.
Сонымен бірге, полиция бөлімі тарапынан жыл басынан жүргізілген рейдтік іс-шаралар мен профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 872 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталғаны, мектептерде профилактикалық кездесулер саны артқаны және түнгі рейдтердің нәтижесі баяндалды. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы қылмыс тіркелмегені атап өтілді.
Комиссия төрағасы Н.Бохаев барлық мекемелердің үйлесімді жұмысын ерекше атап өтіп, жасөспірімдер тәрбиесіне ата-аналарды белсенді тарту және әр салада профилактикалық шараларды күшейту мақсатында нақты тапсырмалар берді.










