Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұловтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.Күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды.

Алдымен аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы Жолмырзаев Дәурен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың ахуалы, жыныстық қол сұғылмаушылық қылмыстарының алдын-алу профилактикалық шаралары, есірткі психоактивті заттар мен алкогольді ішімдіктерді қолданатын кәмелетке толмағандарды анықтау, есепке алу, емдеу және оңалту жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуы туралы өз баяндамасында кеңінен тоқталып өтті.

Одан соң білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, темір жол аумағында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау шаралары, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмысы, кәмелетке толмағандар мен жастар арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында әр түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастыру, жалпы білім беретін мектеп оқушыларына гигиеналық тұрғыда дұрыс тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша тиісті бөлім басшыларының хабарламалары тыңдалды.

Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында комиссия төрағасы Бектемір Жұмағұлов кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет- қылықтардын аулақ болуы, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


05 қараша 2020 ж. 1 471 0