ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Комиссия қызметінің мақсаты – құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру болып табылатынын айтқан аудан басшысы мәжілісте есірткі бизнесіне қарсы күресте мүдделі органдармен атқарылып жатқан шаралар барысы тыңдалатындығын жеткізді.
Бірінші болып сөз алған аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Н.Шегебаев аудан аумағында есірткі қылмысының алдын алу, жолын кесу бағытында бірқатар нақты іс-шаралар жүзеге асырылғанын атап өтті. Жүзеге асырылған шаралардың нәтижесінде аудан аумағында орын алған есірткі қылмысының саны өткен жылмен салыстырғанда өсім алғаны белгілі болды.
Мәжілісте одан әрі Сексеуіл кентіндегі құқық бұзушылықтың жай-күйі және олардың алдын алу жұмыстарының барысына ұласты. Сексеуіл кентіндегі құқық бұзушылық бағытында атқарылған жұмыстар жайын учаскелік полиция аға инспекторы Е.Ержанов баяндап өтті. Хабарлама негізінде аудан басшысы кенттегі атқарылып жатқан жұмыстардың мардымсыздығын, тазалық мәселесінің сын көтермей тұрғанын ескертті. Осы орайда аудан прокуроры да өзін толғандырған сұрақтарды жолдап, жұмысты жүйелі атқару бағытында ұсыныстарын жеткізді.
Мәжілісте баяндамашыларды тыңдаған аудан әкімі отырыста аудан халқының әрбіріне қатысты, маңызды мәселелер талқыланғанын айтып, қылмысты болдырмау бір құқық қорғау органдары ғана емес барлығымыз қоғам болып бірлесе жұмыс атқару қажеттігін жеткізді. Бұдан бөлек, қоғамдық орындарда әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы, есірткі өсімдіктерін заңсыз сақтаудың, заңсыз егіп өсірудің алдын алу жұмыстарын жандандыруды жүктеді. Сондай-ақ, ол жиын барысында айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелерді хаттамаға енгізіп, оң нәтижелі жұмыстарды атқаруды тапсырды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.