Құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде ведомствоаралық комиссия отырысы өтті


Комиссия отырысында одан әрі 2020 жылдың 9 айындағы орын алған бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдын алу бойынша атқарылған шаралардың барысы қаралды. Аталған мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығы Ә.Өтегенов, Жақсықылыш кентінің әкімі П.Берсүгіров және Жақсықылыш кентінің учаскелік полиция инспеторы Д.Искаков хабарлама жасап, жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.
Жиын қорытындысымен аудан әкімі аталған мәселелер жөнінде алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеу жөнінде тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.


