Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысы өтті

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұловтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Мәжіліске комиссия мүшелері, аудан прокурорының орынбасары және тиісті сала басшылары қатысты.
Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясына облыстық полиция департаментінен бірнеше оқушының құқық бұзушылық жасағандығы жөнінде хабарлама түскен.
Комиссия отырысында аталған мәселе жайлы және кәмелетке толмағандармен жасалған құқық бұзушылық деректері бойынша аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы Жолмырзаев Даурен мен аудандық білім бөлімінің бас маманы Сейітова Ғалияның мәлімдемелері тыңдалды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикалық шаралары, 2020 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандармен жасалған құқық бұзушылық деректері туралы болды.
Кәмелетке толмағандар мен оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында өткен жылы жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, білім, денсаулық сақтау мекемелері үкіметтік емес ұйымдар мен ата-аналар комиттеттерімен бірлесе жұмыстар атқарылған. Бұл жөнінде аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы Жолмырзаев Дәурен толық баяндап өтті.
Одан соң комиссия отырысында талқыланған мәселе жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау бойынша атқарылған жұмыстар, проблемалық мәселелер туралы аудандық білім бөлімінің бас маманы Ғалия Сейітова хабарлама жасады.
Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында комиссия төрағасы Бектемір Жұмағұлов ата-аналардың баланың тәртібі мен тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін тиісті шаралар қабылдау және жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет- қылықтардын аулақ болуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.
19 ақпан 2021 ж. 614 0