Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2 қазан – Қазақстанда техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

2 қазан – Қазақстанда техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

Бүгін Қазақстанда техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі
Қызылорда облысындағы 28 колледжде 22 мыңға жуық студент еңбек нарығына қажетті жұмысшы және орта буын мамандықтары бойынша білім алуда. «Жас маман» жобасы аясында колледждердің материалдық базалары заманауи құралдармен техникалармен жабдықталды.

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында 8 халықаралық, 98 республикалық және 56 аймақтық оқу орындарымен барлығы 162 меморандумға қол қойылды. Екі жақты келісімдер аясында педагогтар тағылымдамадан өтіп, студенттер шетелдерде білім алады, нәтижесінде бітірушілер қос дипломды бағдарламаны игеретін болады.

Еңбек нарығының кадрларға ұзақ мерзімді болжамын анықтау үшін жаңа кәсіптер «Атласы» әзірленді. Атласқа сәйкес 2026 жылы 9 жаңа мамандық ашылды. Сонымен бірге, «Сыр болашағы» құзыреттілік орталығы пайдалануға беріліп, 17 жұмысшы мамандығы бойынша жастардың кәсіби шеберлігін шыңдауға, біліктілігін арттыру мен студенттердің республикалық, халықаралық конкурстарға қатысуына мүмкіндік жасалды.
Өңірлік Коммуникациялар қызметі
02 қазан 2026 ж. 66 0