Халықтың ең басты байлығы – денсаулық
Халықтың өмір сапасын арттыру жолындағы ең маңызды бағыттардың бірі – қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет. Осы мақсатта мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар бүгінде нақты нәтиже беруде.Атап өтер болсақ, Тоқабай ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне беріліп, ауыл халқының денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды қадам жасалды.
Жаңа амбулаториялар заманауи медициналық қондырғылармен жабдықталған. Сонымен қатар 2023-2024 жылдары ауданға қарасты ауылдарға медициналық-санитарлық автокөліктер берілді.
Мемлекеттен жасалып жатқан мұндай қолдаулар ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартып, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейтуге бағытталған бастамалардың нақты жемісі.
Бұл – ел болашағы үшін жасалып жатқан игілікті істердің жарқын көрінісі.











