Бүгін – Мұғалімдер күні
Kyzylorda-news.kz Қазақстанда 5 қазанда ең маңызды мерекелердің бірі – Мұғалімдер күні атап өтіледі.Мұғалім мамандығы терең білімді, сабырлықты, жауапкершілікті және өз ісіне деген шынайы сүйіспеншілікті талап етеді.
Педагогтер балаларға білім беріп қана қоймай, ойлануға, шешім іздеуге, дербес әрі жауапты болуға үйретеді. Көбіміз қиындықтарды еңсеріп, өз мақсатымызға жетуге қолдау көрсеткен ұстаздарымызды ризашылықпен еске аламыз.
Мұғалімдердің кәсібилігі, жігері мен адами қасиеттері қазақстандық жас ұрпақтың білім алуы мен тәрбиесінде маңызды рөл атқарады.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай










