Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалімдер күні енді 5 қазанда аталып өтеді

Мұғалімдер күні енді 5 қазанда аталып өтеді

Қазақстанда педагогтердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні енді 5 қазанда атап өтіледі. Үкімет тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.

Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.
10 наурыз 2023 ж. 298 0