Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық педагогтер съезі өтеді

Республикалық педагогтер съезі өтеді

Білім беру қызметкерлерінің кәсіби күні елордада республикалық педагогтер съезі өтеді. Мұндай іс-шара 2005 жылдан бері өткізілмеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның оқу-ағарту жұмыскерлері мен ғалымдарының съезі алғаш рет 100 жыл бұрын 1924 жылы өтті. Оның жұмысына мемлекеттің көрнекті қайраткерлері, "Алаш" партиясының жетекшілері қатысты. Бұнда оқулықтар дайындау, мұғалімдерді даярлау бойынша техникумдар мен институттар ашу, араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшу және т.б. сияқты білім берудің өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында мұғалімдер съезі 1998 және 2005 жылдары өткізілді.

Биыл Республикалық педагогтер съезі алғаш рет 5 қазанда кәсіби мереке - Мұғалімдер күні өтеді. Естеріңізге сала кетейік, биыл Мұғалімдер күнін мерекелеу күні – 5 қазан болып бекітілді. Бұл күнді атап өту Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкес келеді.

Алаңдарда педагогтер озық тәжірибелерімен және халықаралық практикаларымен бөлісе алады. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде оқытудың оқу, әдістемелік-дидактикалық құралдарының мазмұнын жетілдіру, педагогикалық ресурстың жоғары мәдениетін қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір бала үшін тәрбиелеу мен оқытудың кедергісіз жағдайларын жасау мәселелері қаралатын болады. Отырыстың пленарлық бөлігінде үздік педагогтер, сарапшы-жаттықтырушылар, жас мұғалімдер, білім беру ұйымдарының басшылары, білім беру жүйесінің ардагерлері сөз сөйлейді.

Республикалық педагогтер съезінде орта білім беру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінетін болады. Білім беру сапасын жақсартудың тұжырымдамалық аспектілері пленарлық отырыста Оқу-ағарту министрінің "Білім сапасы: жай-күйі және жетілдіру жолдары" баяндамасында жарияланатын болады. Бұл күні еліміздің үздік педагогтерін марапаттау рәсімі өтетін болады.
04 қазан 2023 ж. 248 0