Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерімбетжаға елді мекені тұрғындары сапалы ауызсумен қамтылды

Ерімбетжаға елді мекені тұрғындары сапалы ауызсумен қамтылды

Арал ауданының Ерімбетжаға елді мекеніне орталықтандырылған ауызсу желісі жеткізіліп, тұрғындардың көптен күткен қуанышы жүзеге асты.
Ауызсу жүйесін тарту жобасына 1 млрд 45 млн теңге қаржы бағытталды. Нәтижесінде Ерімбетжаға тұрғындары енді сапалы ауызсуды тұрақты түрде пайдалана алады.

Ауызсудың ауылға жеткізілуі – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, елді мекеннің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік беретін маңызды жоба.

Таза ауызсу – халықтың денсаулығы мен тұрмыс сапасының негізі. Ерімбетжаға ауылына ауызсудың келуі – елді мекен тұрғындарының өміріндегі маңызды әлеуметтік игілік.

06 қазан 2026 ж. 116 0