Қазақстан экономикасы жыл басынан бері 4,2%-ға өсті
Мұнай өндірісінің қысқаруы, теңгенің нығаюы және тұтынушылық кредиттеудің баяулауы экономикалық өсімді тежеп отыр.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында осы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы баяндама жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, биыл экономика бірқатар тежеуші факторлар жағдайында дамуда.

Айта кетерлігі, жылдық мәнде тұтынушылық кредиттердің өсуі 2025 жылғы тамыздағы 26,4%-дан ағымдағы жылғы тамызда 10,4%-ға дейін төмендеген.Біріншіден, бұл мұнай өндірісінің азаюы және мұнай секторының жалпы ішкі өнімнің өсуіне теріс үлесі. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру 8,3%-ға қысқарып, 69,4 млн тоннаны құрады. Екіншіден, теңгенің нығаюы экспортқа бағдарланған салалар мен бюджет кірістеріне тежегіш әсер етуде. Үшіншіден, тұтынушылық кредиттеу өсуінің баяулауы тұтынушылық сұранысты тежеуде, - деп атап өтті вице-премьер.
Аталған факторларға қарамастан, Қазақстан экономикасы өсуін жалғастыруда және оң динамиканы көрсетуде. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 4,2%-ды құрады. Экономиканың өсуі шикізатқа қатысты емес сектор есебінен қамтамасыз етілді, ол бағалау бойынша 5,4%-ға өсті. Салалар арасында құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік қызметтері және сауда ең жоғары қарқын көрсетуде. Осы салалардың жалпы ішкі өнімнің өсуіне қосқан жиынтық үлесі 75%-дан асады, - деді Серік Жұманғарин.