Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ет комбинатының құрылысы басталды

Қызылордада ет комбинатының құрылысы басталды

Тәулігіне 250 ірі қара мен мың қой союға мүмкіндігі бар кешенде 80 тонна ет сақтау мұздатқышы орнатылады. 3 ай мерзімге сақтауға жарамды шұжық пен консервіленген ет өнімдерінің 60%-і Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері және Кувейт елдеріне экспортталмақ. Жалпы құны 832 миллион теңгені құрайтын жоба аясында мың жарым бас түлікке арналған бордақылау алаңы қоса салынады. 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын өндіріс ошағы келер жылдың ақпан айында алғашқы өнімін нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Ет комбинаты қалдықсыз өнім өндіретін түрік технологиясы бойынша жұмыс істейді. Мінажадин Өтеев, жоба жетекшісі: - Бұл салынғаннан кейін тері өңдеу цехы ашылу керек. Мүйіз өңдеу басқа да алаңдар саламыз. Соған сәйкес бұл жерде мысық пен итке де тамақ дайындайтын алаңдар болады. Әрі қарай оны дамыта береміз. Одан кейін ішек-қарынды тыңайтқышқа айналдырып, шетелге жіберсек дейміз.
https://24.kz/
17 мамыр 2019 ж. 644 0