Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы саласына ЖИ тәсілдерін жедел қарқынмен енгізу қажет – Президент

Ауыл шаруашылығы саласына ЖИ тәсілдерін жедел қарқынмен енгізу қажет – Президент

Фото: Н. Нұржаубай
Президент өз Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллект тәсілдерін қарқынды түрде енгізу қажет екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Өткен аптада Астанада іссапармен болған NVIDIA компаниясының басшысы, жаңа толқындағы ірі кәсіпкер Дженсен Хуанг Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллектінің тәсілдерін енгізетін кез келді деп, өз пікірін айтып кетті.
Меніңше, бұл – өте орынды ұсыныс. Оны жедел қарқынмен іске асыруымыз керек.
Еліміз осы белесті ойдағыдай еңсеріп алса, әлемдік ауқымдағы азық-түлік тапшылығы, яғни жаһандық ашаршылық туындаған жағдайда Еуразия азық-түлікпен қамтамасыз ететін негізгі орталық болуы әбден ықтимал екеніне күмән жоқ.
Елімізде ірі су көздеріне жақын орналасқан үлкен аумақты алып жатқан жер алқаптары бар. Сол жерлерді суармалы егіншілікке пайдалану дәстүрлі дақылдардың өнімділігін 2-2,5 есе көбейтуге ықпал етеді.
Жаңа алқаптарды игеру кезінде су үнемдеудің озық тәсілдерін және агрохимиялық технологияларды қолдану аса маңызды. Бірақ елімізде бұл жұмыстың тиімділігі әлі де төмен», – деді Президент.
28 қазан 2026 ж. 43 0