Мектеп оқушылары арасында қаржылық сауаттылық олимпиадасы өтеді
3 қарашада Қазақстанның барлық өңірінде 9-11-сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиаданың алғашқы кезеңі басталады. Мектепішілік кезең Smart Daryn платформасында өтеді, деп хабарлайды egemen.kz

Фото:Нұрболат Нұржаубай
Төрт кезеңнен тұратын сайыс оқушылардың қаржылық сауатын арттыруға, қауіпсіз қаржылық шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға және ақшаны жауапкершілікпен басқару мәдениетін дамытуға бағытталған.
Қатысушылар қаржылық қауіпсіздік, цифрлық этика, жеке және отбасылық бюджетті жоспарлау, инвестиция негіздері мен жауапты тұтыну тақырыптары бойынша тест тапсырмаларын орындайды.
Олимпиаданы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Halyk Bank» АҚ бірлесіп ұйымдастырады.

«Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша әр ауданнан ең жоғары балл жинаған 30 оқушы келесі кезеңге жолдама алады. Аудандық кезең 14 желтоқсанда Smart Daryn платформасында онлайн форматта өтеді», делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.Айта кетейік, 2025 жылы жүргізілген PISA халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша отандық оқушылар математикалық сауаттылықтан 414 балл жинаған.