Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар -жасөспірімдер мектебінің директоры лауазымына Сәлімгереев Нұрым Сәлімгерейұлы тағайындалды.

Нұрым Сәлімгерейұлы еңбек жолын 2015 «Қазақстан «Спартак» дене тәрбиесі-спорт қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Арал филиалында нұсқаушы қызметінен бастаған.

2016-2017 жылдары Қызылорда спорт клубында нұсқаушы;

2017-2018 жылдары «Қазақстан «Спартак» дене тәрбиесі-спорт қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Арал филиалында нұсқаушы;

2018 жылы «Қайнар» спорт клубында нұсқаушы;

2018-2021 жылдары Арал спорт клубында жаттықтырушы;

2025 жылдан бастап Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт клубының әдіскері;

2025 жылдың 8 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Теннис спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

04 қараша 2026 ж. 35 0