Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Арал ауданы әкімінің 2024 жылғы 6 мамырдағы өкімімен, Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы лауазымына Әлжанов Толыбай Шалғынбайұлы тағайындалды.
Толыбай Шалғынбайұлы - 1971 жылы 17 қаңтарда Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1993 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын «Транспорттың жүк тасымалдауын ұйымдастыратын инженер» және 2004 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Дене тәрбиесі оқытушысы, спорт жаттықтырушысы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Арал электротехникалық зауытында экономист қызметінен бастаған.
1995-1999 жылдары «ЯКСАРТ» жеке фирмасының Арал қаласындағы май қүю бекетінде оператор;
1999-2000 жылдары Арал қаласындағы №83 орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі;
2000-2003 жылдары Арал аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің волейбол бөлімшесінің жаттықтырушысы;
2003-2022 жылдары Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы;
2022 жылдың мамырынан бастап осы уақытқа дейін «Арал спорт клубы» мекемесінің директоры қызметін абыроймен атқарып келді.
Жанұялы, бес бала тәрбиелеуде.
06 мамыр 2024 ж. 247 0