Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі басшысының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 48 бұйрығымен «Арал спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Байтұрғанов Қорғанбек Жеткергенұлы тағайындалды.
Қорғанбек Жеткергенұлы - 1989 жылы 17 ақпанда Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2012 жылы Шымкент университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Спорт клубында» спорт нұсқаушысы қызметінен бастаған.
2014-2024 жылдары Арал спорт клубы директорының оқу-жаттығу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.
Жанұялы, төрт бала тәрбиелеуде.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


12 маусым 2024 ж. 88 0