Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіл заңнамасының талаптарын сақтамаған тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылуда

Тіл заңнамасының талаптарын сақтамаған тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылуда

kyzylorda-news.kz Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарын сақтау бағытында бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабына сәйкес, мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа тілдерде орналастырылуы тиіс.
Алайда қала аумағындағы кейбір кәсіпкерлік нысандардың сыртқы маңдайшаларында мемлекеттік тілдегі жазбалар болмай, тек орыс тілінде ғана ақпарат орналастырылғаны анықталды.
Осыған байланысты заң талаптарын сақтамаған екі тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 75-бабының 3-бөлігіне сәйкес ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылды.
Айта кетейік, аталған құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 75-бабының 4-бөлігіне сәйкес айыппұл салынады.
Бұған дейін қала кәсіпкерлеріне заңнама талаптарын түсіндіру, маңдайша жазуларды мемлекеттік тілде дұрыс орналастыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын.
06 қараша 2026 ж. 37 0