Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімшілік айыппұл салынды

Әкімшілік айыппұл салынды

Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
Алайда, одан қорытынды шығармай, сот қаулысымен белгіленген шектеулерді орындамай, заң талаптарына немқұрайлықпен қарайтындар да бар.
Мәселен, Арал аудандық сотында көлік басқару құқығынан айырылса да, заң талаптарын елемей, көлік тізгіндеген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат С. 2023 жылы сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. 2026 жылы мамыр айында ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып әкімшілік жауаптылыққа тартыла тұра, көлік құралын басқару әрекетін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 211 925 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Арал аудандық соты

14 тамыз 2026 ж. 55 0