Қазақстанда алдағы тәуліктерде -3 градусқа дейін күн суытады

Синоптиктердің ақпараты бойынша, Республиканың батысына жылжыған антициклон жылдам өтіп кетеді және оның орнына Ресейдің еуропалық бөлігінен суық атмосфералық фронттар келе бастайды.
Мамандар осыған байланысты оңтүстікте найзағай жарқылдап, жауын-шашын болатынын алға тартты.
Сондай-ақ, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауатынын жеткізді.
https://kaz.nur.kz"Ауа температурасы климаттық нормадан 2...6°С төмендейді. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда алдағы түнде -3°С үсік жүреді", - деді ауа райын болжаушылар.