Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуразиялық медиафорумда ресми БАҚ пен әлеуметтік желінің аражігі ажыратылды

Еуразиялық медиафорумда ресми БАҚ пен әлеуметтік желінің аражігі ажыратылды

Еуразиялық медиафорумда талқыланатын негізгі тақырыптың бірі «Бұқаралық медиадағы сандық жүйе және ресми БАҚ пен әлеуметтік желідегі ақпараттың аражігін ажырату мәселелері». Бүгінгі ақпараттық технологиялар тегеуріні күн сайын артып отырған заманда ақ пен қараны ажыратуда адасушылық айқын аңғарылады. Әсіресе ғаламтордағы көптеген әлеуметтік желілер мен ресми медикомпаниялар тарататын ақпарат арасында  айырмашылық көп. Әлеуметік желідегі мәліметтер көбіне  тексерілмейді және ешқандай заңдылыққа негізделмейді. Дегенмен, ресми медиада да ақиқат әрдайым айтыла бермейтіндігін де жоққа шығаруға болмайды. Осы  мәселені талқылаған сарапшылар өз пікірлерін айтып, көзқарастарын білдірді. Жалған сөз жақсылыққа апармайды. Алған жалған ақпарат тарату қоғамдық ой-санаға кері әсер етеді. Соның салдарынан діни әрі ұлтаралық сипаттағы жанжалдар туындап, қарулы қақтығыстар өрбіді. Сондықтан осындай форумда сарапшылар саяси-экономикалық һәм мәдени-рухани мәселелерде қордаланған мәселелерді ашық айтады.
https://24.kz/
23 мамыр 2019 ж. 604 0