Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде дәстүрге айналған Еуразиялық медиа форум өтеді

Елімізде дәстүрге айналған Еуразиялық медиа форум өтеді

Елімізде дәстүрге айналған  Еуразиялық медиа форум биыл 16-рет өтеді. 22 мамыр күні ашылатын жиынның биылғы тақырыбы «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы ма?» деп аталады. Яғни әлемде не болып жатыр, қандай қауіп-қатерлер бар  және қоғамдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар рөлі қандай деген сұрақтар төңірегінде саясаткерлер, экономистер және басқа да сала өкілдері пікірлерін ортаға салады. Форумның алғашқы күнінде білікті медиа-сарапшылар шеберлік дәрістерін оқиды. Жиынға дүниежүзінің 43 елінен 400-ден астам әлемдік медиакеңістіктегі беделді тұлғалар, азУлы сарапшылар және әр салада өзін мойындатқан кәсіби тұлғалар қатыспақ. Сандуғаш Рақымжанова, Еуразиялық медиа форумның контент директоры: -  Осы жылғы форумға  белгілі Ресей кинорежиссері Сергей Бодров, Австралиядан  Иво Брумо сынды белгілі тұлғалар қатысқалы отыр. Бұл кісі жаңа технологияның әлемге соның ішінде журналистикаға әсері туралы қызықты ақпараттарымен бөліседі. Сондай-ақ, биылғы форумда жас журналистер арасында өтетін халықаралық байқаудың жеңімпаздары марапатталады.
https://24.kz
20 мамыр 2019 ж. 677 0